Лондон-2012: Гүлжан Исанова Олимпиаданың қола медалі үшін белдеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Гүлжан Исанова Олимпиаданың қола медалі үшін белдеседі

Лондон-2012: Гүлжан Исанова Олимпиаданың қола медалі үшін белдеседі

ХХХ жазғы ойындардың дзюдо турнирінде спортшымыз Гүлжан Исанова қола медаль үшін белдеседі.

  • 3 Тамыз 2012
  • 764
Фото - Caravan.kz

Ол жұбаныш белдесуінде бразилиялық Мария Суелен Алтеманға қарсы шығады. Бразиялық бұл спортшы ширек финалда жапондық спортшыға есе жіберген еді.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда біздің спортшы корейлік На-Йонг Киммен белдескен болатын. Олар негізгі уақытта тең күрескенімен төрешілер Жеңісті Гүлжанға берген еді. Ал ширек финалда дзюдошымыз Гүлжан Исанова ағылшындық спортшы Карина Брайнттан ұтылып қалды.

Айта кетейік, 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера