Данияр Елеусінов жеңісті жолын жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов жеңісті жолын жалғастыруда

Данияр Елеусінов жеңісті жолын жалғастыруда

- Бүгін Лондон Олимпиадасында 64 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Данияр Елеусінов 1/16 финалдағы қарсыласы ирандық Мехди Толоутибандты айқын басымдықпен ұтты.

  • 5 Тамыз 2012
  • 676
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезеңде үш ұпаймен басымдық танытқан Данияр екінші раундта қарқынын күшейтіп, есепті 12:5-ке жеткізді. Ал шешуші кезеңде де ирандық боксшыға еш мүмкіндік бермеген боксшымыз жарысты 19:10 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, ирандық Мехди Толоутибанди 1/32 финалда спандық былғары қолғап шебері Джонатан Алонсо Флетені 16:12 есебімен жеңсе, біздің спортшы американдық қарсыласын 19:9 есебімен ойсырата ұтып, еліне жүлдесіз қайтарған болатын.
Данияр Елеусінов 21 жастағы астаналық спортшы. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ол Қазақстан чемпионы (2010-2011 жылдары), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы). Данияр жолдаманы жақында елордада өткен Азиялық іріктеу турнирінде қанжығасына байлады.