Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет рингке қыздар шығады, олардың екеуі - қазақстандықтар - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет рингке қыздар шығады, олардың екеуі - қазақстандықтар

Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет рингке қыздар шығады, олардың екеуі - қазақстандықтар

5 тамыз күні Лондон Олимпиадасының шаршы алаңына, тек Лондон Олимпиадасының ғана емес, бүтін Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет боксшы қыздар шығады.

  • 5 Тамыз 2012
  • 529
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, 36 боксшы қыздың арасында екеуі Қазақстан атынан қатысуда. Бұл туралы Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім етті.

60 келіге дейінгі салмақ санатында Саида Хасенова күндізгі бағдарламаның жетінші жұбында бразилиялық Андриана Араухомен жұдырықтасатын болады.

Ал 75 келі салмақ санатында өнер көрсететін Марина Вольнова осы сессияның тоғызыншы жұбында кениялық спортшы Элизабет Андиегомен қолғап түйістіреді.

Күндізгі сессияның басталуы Астана уақытымен сағат 18.30-да.