Олимпиада-2012: С.Хасенова қарсыласын 2 мәрте нокдаунға жібергенімен, жарыс жолынан шығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2012: С.Хасенова қарсыласын 2 мәрте нокдаунға жібергенімен, жарыс жолынан шығып қалды

Олимпиада-2012: С.Хасенова қарсыласын 2 мәрте нокдаунға жібергенімен, жарыс жолынан шығып қалды

Олимпиада тарихындағы алғашқы әйелдер боксында 60 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын Саида Хасенова қорғады.

  • 6 Тамыз 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

Ол бүгін алғашқы кездесуін бразилиялық Адриана Арауджоға қарсы өткізді. Алғашқы раундта біздің боксшы 1 ұпаймен алға шықты. Екінші кезеңді бразилиялық тең аяқтап, ал үшінші кезеңде тіпті 2 ұпайға алға шығып кетті. Бірақ біздің Саида қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген еді. Осыны қаперге алған төрешілер жеңісті кімге берерін біраз ақылдаса келе, қосымша 4-ші раунд белгіледі. Өкінішке орай, бұл кезеңде біздің спортшы бразилиялыққа 1 ұпай айырмашылығымен есе жіберді.

7 жасынан бастап бокспен айналысатын С.Хасенова 1986 жылы тамызда дүниеге келген. Қазіргі уақытта еліміздің бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кәрім Махмудовтың қол астында жаттығады. Ол Қазақстан чемпионатының 6 дүркін чемпионы, 2010 жылғы Азия чемпионы, 2003 және 2010 жылдары өткен Азия ойындарының жүлдегері, 2011 жылы мұнайлы елдер арасындағы Әлем кубогының жүлдегері.