Қазақстандық дзюдошылардың Олимпиада ойындарындағы сәтсіздігінің басты себебі психологиялық әлсіздіктен - Жексенбай Саламатов - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дзюдошылардың Олимпиада ойындарындағы сәтсіздігінің басты себебі психологиялық әлсіздіктен - Жексенбай Саламатов

Қазақстандық дзюдошылардың Олимпиада ойындарындағы сәтсіздігінің басты себебі психологиялық әлсіздіктен - Жексенбай Саламатов

Дзюдодан енді ұлттық құрамаға шетелден мамандар тартылуы мүмкін. Оны аға бапкер Жексенбай Саламатов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

  • 6 Тамыз 2012
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Олимпиададағы дзюдошылар 7 салмақта қатысты. Өкінішке орай бізге жүлде бұйырмады. Онда әлемдік рейтингтің көшбасшысы Максим Раковтан (100 кг.) чемпион, ал Сергей Лим (66 кг) мен Ринат Ибрагимов (73 кг) жүлдегер болады деп үміт күткенбіз. Максим алғашқы айналымда әзірбайжан балуанына ұтылып қалды. Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысып отырғандықтан психлогиялық тұрғыдан күйіп кетті деп ойлаймын. Үздік сапынан көрінген 3 балуанды да ол бұған дейінгі жарыстарда жеңіп жүрген болатын», — дейді Ж.Саламатов. Аға бапкердің айтуынша, енді Олимпиада ойындарынан кейін барлық жаттықтырушылар жиналып құрама ойынына талдау жасамақ. Онда алдағы жұмыс жоспары ойластырылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ келісім-шарт арқылы италияндық бапкермен жұмыс жасаған Ресей құрамасының тәжірибесі қаралмақ. КСРО тарағаннан кейін онда дзюдодан бірде-бір олимпиада жеңімпазы шықпаған еді, биыл олар 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалап отыр. Енді Қазақстан да шетелдік мамандарды тарту мәселесін қарастырмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера