Лондон Олимпиадасы: қазақстандық ескек есушілер финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасы: қазақстандық ескек есушілер финалға шықты

Лондон Олимпиадасы: қазақстандық ескек есушілер финалға шықты

Лондон Олимпиадасында 1000 метрлік қашықтыққа ескек есуден қазақстандық спортшылар Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев финалға жолдама алды.

  • 6 Тамыз 2012
  • 438
Фото - Caravan.kz


Жартылай финалдық жарысты біздің спортшылар өте жақсы бастады: алғашқы 250 метрлік дистанцияда Алексей мен Евгений үшінші орыннан көрініп, тіпті екінші орынға да суырылып шықты. Бірақ соңғы кезеңде төртінші орынға түсіп, 3:17 минут көрсеткішен финишке келді. Осылайша, Канада құрамасын ұтқан қазақстандық ескек есушілер негізгі қарсыластары — Швеция, Австралия және Жаңа Зеландиямен бірге финалға шықты. Оның нәтижесі ертең, тамыздың 7-сі күні белгілі болады.