Боксшымыз Марина Вольнова бүгінгі жекпе-жегін сәтті өткізсе болғаны - ұлттық құраманың бастығы Қ. Манашев - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшымыз Марина Вольнова бүгінгі жекпе-жегін сәтті өткізсе болғаны - ұлттық құраманың бастығы Қ. Манашев

Боксшымыз Марина Вольнова бүгінгі жекпе-жегін сәтті өткізсе болғаны - ұлттық құраманың бастығы Қ. Манашев

Лондон Олимпиадасынlа 75 келі салмақта шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Марина Вольнова үшін бүгінгі жекпе-жек аса ауыр болмақ.

  • 6 Тамыз 2012
  • 433
Фото - Caravan.kz

Содан өтсе болғаны. Бүгін журналистерге сұхбат берген бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасының бастығы Қайрат Манашев осылай айтты.

«Оның бүгінгі қарсыласы — ұлыбританиялық Саваннах Маршал. Ол биылғы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Марина онымен әлі жұдырықтасып көрмеген. Сондықтан бұл жекпе-жек ол үшін ауыр болмақ. Бірақ содан өтсе, ары қарай алып кетеді деп ойлаймын», — дейді Қ.Манашев.

Айта кетейік, кеше, 5 тамыз күні 1/16 финалда Марина Вольнова кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Бүгін Астана уақыты бойынша 20:30-да ол ұлыбританиялық Саваннах Маршалмен күш сынасып көрмек.