Қазақстанның грек-рим балуаны Нұрмахан Тінәлиев (120 кг дейін) швед спортшысы Йохан Еурен Магнустен ұтылып қалды.
1/16 іріктеу белдесулері бойынша өткен жекпе-жектің қорытынды есебі — 3:0. Қазақстанның балуаны Нұрмахан Тінәлиев бірде-бір ұпай жинай алмай, 2010 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Йохан Еурен Магнустан жеңіліп қалды.
Енді, ол үшін жарыс аяқталды. Ал Йохан Еурен Мажарстанның балуаны Михали Дик-Бардоспен белдеспек.
Еске салайық, дәл осы спортшы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатында Қазақстан намысын қорғауға Лондонға аттанған отандық спортшылар делегациясының көшін бастап, еліміздің Көк байрағын алып жүрген болатын.