Алматыда олимпиадашылардың құрметіне арналған велржүгіру өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда олимпиадашылардың құрметіне арналған велржүгіру өтеді

Алматыда олимпиадашылардың құрметіне арналған велржүгіру өтеді

Алматыда 12 тамызда Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларға, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің құрметіне арналған веложүгіру өтеді.

  • 11 Тамыз 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

Оған қала әкімі Ахметжан Есімов те қатыспақ.

Бұл жарыс Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінен 08.30 — да басталады. Онда веложүгірушілер Әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағыты бойынша Розыбакиев көшесіне дейін, одан әрі қарай Абай даңғылының бойымен Орталық стадионға дейін барады.

Жалпы Ұлыбритания астанасында 27 шілде күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додаға Қазақстаннан 115 спортшы қатысқан болатын. Олардың алтауы Олимпиада чемпионы, төртеуі қола жүлдегер атанды. Енді екі боксшымыз ақтық финалда алтын медалдьді сарапқа салады. Сондай-ақ тағы бірнеше спорт түрі бойынша спортшыларымыз жүлделі орындарға таласа алады. Мәселен бүгін бессайыстан Павел Ильяшенко мен Рустем Сабирхузин, спорттық жүрістен Виталий Аничкин 50 шақырымға, Айман мен Шолпан Қожахметовалар 20 шақырымға жарысады. Еркін күрестен Ермек Байдуашев (84 кг), Дәурен Жұмағазиев (60 кг), Даулет Шабанбай (120 кг), таэквондодан Феруза Ергешова (+67 кг) жарыс жолына шығады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера