Лондон-2012: Д.Шабанбай Олимпиада «қола» медалі үшін күреседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Д.Шабанбай Олимпиада «қола» медалі үшін күреседі

Лондон-2012: Д.Шабанбай Олимпиада «қола» медалі үшін күреседі

Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай Лондон Олимпиадасы «қоласы» үшін күресуге мүмкіндік алды.

  • 12 Тамыз 2012
  • 488
Фото - Caravan.kz

Өйткені ширек финалда біздің спортшыны жарыс жолынан ығыстырған грузиялық палуан Давид Модзманашвили финал жолдамасын ұтып алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Д. Шабанбайдың 1/8 финалдағы румыниялық Даниэл Чинтоанмен арадағы белдесуі барынша тартысты өтті. Алғашқы кезеңде румындық 3 ұпаймен алға шықса, келесі кезеңде біздің палуан 5:2 есебімен басым түсті. Ал соңғы кезеңде барын салған Дәулет 1 ұпай еншілеп, ширек финалға шыққан еді.
1983 жылы дүниеге келген Дәулет Шабанбай 120 келі салмақ санатында жарыс жолына шықты. Павлодар облысының атынан өнер көрсететін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін жүлдегері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера