Қола жүлдені боксшы Иван Дычко жеңіп алды. Әрине, бұл спортшының одан да жоғары жетістіктерге жетуге әлеуеті бар. Бірақ, И.Дычконың жеңістері әлі алда деген ой келеді. Қазақстан құрамасында Иван Дычко тәрізді аса ауыр салмақтағы жоғары класты спортшы 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарында күміс медальды иеленген Мұхтархан Ділдәбеков кезінен бері болмады. Иванға болашақ айқастарында сәттілік тілейік.
Енді командамыздың қоржынында 6 алтын және төрт қола медаль бар. Барлығы 10 жүлде. Бейресми командалық есепте біз 11-ші орындамыз.
Егер финалда Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов алтын медаль жеңіп алса, құрамамыздың үздік ондыққа кіруі әбден мүмкін. Ал бұл тамаша нәтиже болады. Салыстыратын болсақ, 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиадада Қазақстан 29 орынға табан тіреген болатын.
Олимпиада әлі аяқталған жоқ, бірақ біз қазақстандық спорт триумфының куәгері болдық деп айтуға толық негіз бар.