Олимпиада-2012: Жүлдеге зарыққан күн - 11 тамыз қорытындысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2012: Жүлдеге зарыққан күн - 11 тамыз қорытындысы

Олимпиада-2012: Жүлдеге зарыққан күн - 11 тамыз қорытындысы

Кеше Олимпиада ойындарында еліміздің еркін күрес шеберлерінен үлкен үміт күтілген болатын. Боз кілемге төртжылдықтың жүлдесін алады деген үш палуанымыз шықты.

  • 12 Тамыз 2012
  • 753
Фото - Caravan.kz

Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай өзінің 1/8 финалдағы алғашқы кездесуін румыниялық Даниэл Чинтоанмен өткізіп, оны ұтып кеткен болатын. Алайда ширек финалда грузиялық палуан Давид Модзманашвилиге 0:3 есебімен ұтылып қалды. Кейін бірақ «қола» медаль үшін жұбаныш белдесуіне өтіп, мексикалық Флорес Руиспен күресті. Таза жеңіске жеткен ол қола үшін белдесуде ресейлік Билял Маховпен боз кілемге шықты. Жекпе-жек біздің спортшыға ауыр тиді. Бірінші кезеңде орыс палуанынан 5:0 есебімен басым түскен Дәулет келесі екі кезеңде 0:6 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Д.Шабанбай Олимпиада «қола» медалінен қағылды. 1983 жылы дүниеге келген Дәулет Шабанбай 120 келі салмақ санатында жарыс жолына шықты. Павлодар облысының атынан өнер көрсететін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін жүлдегері.

Кеше кездесуге шыққан келесі еркін күрес шеберіміз Дәурен Жұмағазиев 1/8 финалда 1:3 есебімен ирандық Масуд Исмаэльпурджубариге есе жіберді. Алматы облысының атынан өнер көрсететін Дәурен Жұмағазиев Азия чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының және 2011 жылы Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында еркін көсіле алмағандардың бірі Ермек Байдуашев. Ол тіпті іріктеу кезеңінен өте алмады. 84 келі салмақ санатында боз кілемге көтерілген палуанымыз тәжірибелі ирандық Насер Лашгариге ұпай санымен есе жіберіп қойды.
Е.Байдуашев халықаралық санаттағы спорт шебері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. Ол Қытайда әлемдік лицензиялық турнирде Лондон олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын.

Ал таэквандошы Феруза Ергешованың ширек финалға өтуге мүмкіндігі болды. Лондон Олимпиадасында 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Феруза Ергешова словениялық таэквандошыға есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.

Қазақстандық спортшының өз қарсыласын жеңуге мүмкіндігі болды. Бірінші және екінші раундта ол словениялық таэквандошы Нусе Райхерге 5:3 және 4:2 болып жеңілсе де, соңғы раундта 11:7 есебімен басым түсе білді. Қорытынды нәтиже — 16:16. Бірақ қосымша уақытта Феруза өз қарсыласына бір ұпай жіберіп қойды. Сөйтіп, біздің жерлесіміз жеңіліп, ширек финалға өте алмады.

Кейінгі кезде қарымын шыңдай білген қазақстандық ескекшілер Олимпиада финалында үздік ондыққа енді. Қазақстандық ескек есушілер Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов өз тобында мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. 200 метр қашықтықты олар 35,494 секундтың ішінде жүріп өтіп, өз тобында үздік көрсеткішке ие болды. Бірақ жалпы командалық есеп бойынша 9-шы орынға табан тіреді. Тамаша көрсеткіш. Рио-2016 Олимпиадасында олардың шеберлігі молайып, жүлдеге таласатын мүмкіндігі болады деп есептейміз. Ал Каноэмен жарыста Алексей Дядчук 14-орын иеленді. 29 жасар А.Дядчук 45,283 секундта мәре сызығын кесіп, жұбаныш финалында 6-орынға қол жеткізді. Осылайша жалпы есепте ол 14-орын алды. Олимпиада «алтыны» украиндық Юрий Чебанның уысында кетті.

Кешегі жарыс күнінде Лондон Олимпиадасының бессайыс бойынша жарыстары аяқталды. Оның қорытындысы бойынша жерлестеріміз Рүстем Сабирхузин 21-ші орынға, Павел Ильяшенко 29-орынға қол жеткізді. Бессайыстың нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткіш — 5928 ұпай чех спортшысы Давид Свободаның еншісінде.

Бүгін боксшыларымыз алтын үшін айқасып, еркін күрес шеберлеріміз өз бақтарын сынайды.

ҚазАқпарат спортшыларымыздың жарыс жолына шығу кестесін жанкүйерлер назарына ұсынады.

Еркін күрес

13.30. Іріктеу сыны. 96 кг. Таймураз Тигиев (Қазақстан) — Абдусалам Гадисов (Россия)
14.00. 1/8 финал. 66 кг. Ақжүрек Таңатаров (Қазақстан) — Андрей Квятковский (Украина)
Еркін күрес жарыстарының тікелей эфир арқылы көрсетілімін «Хабар» арнасынан сағат 17.45-ден 20.150-ке дейін көре аласыздар.

Бокс

Финалдар

19.15. 69 кг. Серік Сәпиев (Қазақстан) — Фредди Эванс (Великобритания)
19.45. 81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) — Егор Мехонцев (Россия)
Бокс жарыстарының тікелей эфир арқылы көрсетілімін «Хабар» арнасынан сағат 18.30-дан 20.30-ға дейін көре аласыздар.

02.00. Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты.
Жабылу салтанатын «Хабар» арнасынан сағат 02.00-ден 04.30-ға дейін көре аласыздар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера