Ресми емес есепте Қазақстан 12-ші орында, оның 7-еуі — «алтын», 1-еуі — «күміс» және 5-еуі — қола наградалар.
Ойындар кестесінде 11-орында тұрған Жапония (7 — «алтын», 14 — «күміс», 17 — «қола») мен 10-орындағы Австралияда да (7 — «алтын», 18 — «күміс», 12 — «қола») сонша алтын бар.
Еске сала кетейік, алтын наградаларға біздің спортшыларымыз — велосипедші Александр Винокуров, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, екінші мәрте олимпиада чемпионы болған зілтемірші Илья Ильин және боксшы Серік Сәпиев ие болды.
Күміс медальды боксшы Әділбек Ниязымбетов жеңіп алды.
Қола медальдарға грек-рим күресшісі Даниял Гаджиев, әйелдер боксынан — Мария Вольнова, еркін күрестен — Гөзел Манюрова, боксшы Иван Дычко, ал бүгін еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров ие болды