Оның командалас серіктерінен италияндық Франческо Гавацци 55-інші, Паоло Тиралонго 65-інші, қазақстандық Александр Дьяченко 77-інші, Андрей Зейц 81-інші орын алды. Жыл сайын өтетін бұл дүбірлі додада «Rabobank Cycling Team» клубының спортшысы испаниялық Луис Леон Санчес үздік шықты. Бұл жарыста 2010 жылы топ жарған ол өз атағын биыл қайта иеленді.