Қазақстандық велошабандоз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Астанаға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық велошабандоз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Астанаға келеді

Қазақстандық велошабандоз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Астанаға келеді

Қазақстанның атақты велошабандозы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Астанаға келеді, деп хабарлайды «Астана» велокомандасының баспасөз қызметінен.

  • 16 Тамыз 2012
  • 518
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортшы отырған ұшақ Астананың әуежайына бейсенбі, 16 тамыз күні сағат 05:45-те «Air Astana» әуе компаниясының рейсімен Франкфурттен келеді.

15:00-де Александр Винокуров Рэдиссон қонақ үйінде ұйымдастырылатын арнайы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, 28 тамыз күні Лондондағы Олимпиадада Қазақстанның велошабандозы Александр Винокуров тас жолындағы топтық жарыста алтын медальды жеңіп алды. 38 жастағы спортшы колумбиялық Ригоберто Уран-Ураннан озып, бірінші болып келді. Қола медаль норвегиялық Александр Кристофқа бұйырды.

Қазақстандық спортшы 250 шақырымдық қашықтықты 5 сағат 45 минут 57 секундта еңсерді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера