Ақжүректің келесі межесі - Олимпиада алтыны - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақжүректің келесі межесі - Олимпиада алтыны

Ақжүректің келесі межесі - Олимпиада алтыны

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Лондон Олимпиадасына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара қарсаңында еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров келесі Олимпиада ойындарында алтын медальмен оралуға ниетті екендігін жеткізді.

  • 17 Тамыз 2012
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Болашақ жоспарым — Бразилияда өтетін Олимпиада ойындары «алтыны» үшін күресуге тырысу. Жазғы ойындарда жеңімпаз атану оңай емес. Сол себепті, барынша тыңғылықты дайындалып, олимпиада чемпионы атануға тырысамын. Келесі меже — алтын», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжүрек Таңатаров қола медаль үшін белдесуде түрік палуаны Рамазан Сахинмен күресіп, жеңімпаз атанған болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Лондон олимпиадасында жарыс жолына шыққан Ақжүрек Таңатаров 66 келі салмақ санатында белдеседі. 1986 жылы дүниеге келген ол Жамбыл облысының тумасы. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Астанада күрес түрлерінен өткен Олимпиадалық іріктеу жарысында А.Таңатаров күміс жүлдеге ие болып, лицензияны қанжығасына байлаған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера