«Үздік ондықтың қатарынан көріну біз үшін үлкен жетістік болады. Меніңше, осы мақсатқа қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, біз Лондонда өзімізді лайықты деңгейде көрсете аламыз», — деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Лондонда 2012 жылғы 29 тамыздан 9 қыркүйекке дейін XIV Паралимпиадалық ойындар өтеді. Оған 165 елден 4 200 спортшы қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиадалық ойындарға лицензияларды Қазақстанның мүгедектер спортының 7 өкілі жеңіп алды — бұл республиканың паралимпиадалық спортының бүкіл тарихындағы бұрын болмаған рекордтық сан.
Лондондағы XIV Паралимпиадалық ойындарда Қазақстан намысын Әнуар Ахметов (жүзу), Ислам Сәлімов (жеңіл атлетика), Айнұр Байділдаева (жеңіл атлетика), Сергей Харламов (жеңіл атлетика), Зүлфия Ғабидуллина (жүзу), Айбек Әбжан (пауэрлифтинг), Қабира Асқарова (пауэрлифтинг) қорғайды.
Айта кетейк, бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратының мәжіліс залында партия хатшысы Ерлан Каринның Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесуі болып өтті. Спортшылардан басқа кездесуге құраманың жаттықтырушылар құрамы, Штаттық ұлттық командалар дирекциясының, Қазақстан Республикасы спорт және денешынықтыру істері агенттігінің өкілдері қатысты.