Бізде резерв бар - А.Ни - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бізде резерв бар - А.Ни

Бізде резерв бар - А.Ни

Бүгінгі таңда бізде жас атлеттердің резерві қалыптасып келеді. «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни осылай айтты.

  • 23 Тамыз 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Бізге республиканың түкпір-түкпірінен жас зілтеміршілер келіп жатыр. Өзіңіз көрдіңіз ғой, Лондон Олимпиадасында Алмас Өтешев, Анна Нұрмұхамбетова сынды спортшылар үздік ондыққа еніп, 5-7-інші нәтижелерді көрсетті. Міне, осындай жас спортшылар бір жылдан кейін Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар үшін таласа алады. Сон­дай-ақ бізде Жазира Жаппарқұл және Иб­рагим Берсановтар бар. Олар жастар ара­сын­дағы соңғы Әлем чемпионатында ал­тын­­мен апталған болатын. Осындай зіл­темірші қыз-жігіттер көп. Лондоннан кейін олардың бәрі Әлем чемпионатында, тіпті Олимпиадада да жеңіске жетуге бо­ла­тын­ды­ғын әбден түсінді», — дейді А.Ни.