Астаналық велошабондоздар «Vuelta a Espana» көпкүндігінің кезеңдік сайыстарында екінші рет үздіктер қатарынан көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық велошабондоздар «Vuelta a Espana» көпкүндігінің кезеңдік сайыстарында екінші рет үздіктер қатарынан көрінді

Астаналық велошабондоздар «Vuelta a Espana» көпкүндігінің кезеңдік сайыстарында екінші рет үздіктер қатарынан көрінді

Кеше Испанияда велоспорттан әйгілі «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 196,3 шақырымдық 9 кезеңі өтті.

  • 27 Тамыз 2012
  • 290
Фото - Caravan.kz

Андорра мен Барселона қалалары аралығындағы бұл сайыс «Astana Pro Team» велокомандасы үшін сәтті болды. Онда мәре сызығын «BMC Racing Team» командасынан бельгиялық Филипп Гилберт бірінші, «Katusha Team» командасынан испаниялық Жоагуим Родригуез Оливер екінші, «Astana Pro Team» командасынан италияндық Паоло Тиралонго үшінші боп кесіп өтті.

П.Тиралонгоның командалас достарынан Кевин Зельдреерс 52-інші, Асан Базаев 62-інші, Фредерик Кесякофф 66-ыншы, Андрей Кашечкин 67-інші, Андрей Зейц 70-інші, Егор Силин 86-ыншы, Александр Дьяченко 142-інші орын алды. Қазір тоғыз кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде К.Зельдреерс 21-інші, А.Кашечкин 31-інші, А.Зейц 40-ыншы, Ф.Кесякофф 49-ыншы, П.Тиралонго 56-ыншы, А.Дьяченко 54-інші, Е.Силин 95-інші, А.Базаев 128-інші сатыда тұр. Бұл сында Кевин, Андрей, Фредрик, Паоло өз орнын сақтап қалды. Ал А.Зейц бір саты, Е.Севин бес саты төмендеп, А.Дьяченко 26 сатыға, А.Базаев 9 сатыға көтерілді. Асан төртінші кезеңде мәре сызығын Симон Кларктен 22, Тони Мартиннен 2 секундтан кейін кесіп өткен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера