Қазақстандық жасөспірімдер грек-рим күресінен Әлем чемпионатында екі қола жүлде иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жасөспірімдер грек-рим күресінен Әлем чемпионатында екі қола жүлде иеленді

Қазақстандық жасөспірімдер грек-рим күресінен Әлем чемпионатында екі қола жүлде иеленді

Бакуде 25-26 тамыз күндері грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.

  • 27 Тамыз 2012
  • 408
Фото - Caravan.kz

Онда жарыстың алғашқы күні 42, 50, 58, 69, 85 келі салмақтағы балуандар күш сынасты. Бұл сайыста ең алғашқы боп белдескен Мейрамбек Надырбеков ақтық сында түркиялық Серген Аннан басым түсіп, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Оның жеңісті жолын украиналық Ярослав Филчаковты ұтқан Хусейн Аккиев (69 кг) одан әрі жалғастырып, ел қоржынына екінші қола жүлдені салды. Ал Вячеслав Фатеев (58 кг) қола жүлде үшін өткен сында түркиялық Ахмет Укарға есе жіберді. Ширек финалда Мейрамбек Надырбеков (42 кг) грузиялық Генадий Читадзеге, Нұрым Төре (50 кг) әзірбайжандық Элнур Хасановқа ұтылды. Бақдәулет Еспенбетов ( 85 кг) ақтық сында ирандық Даниял Акбарифрузиге ұтылды.

Кеше 46, 54, 63, 76 және 100 келі салмақтағы балуандар жарысты одан әрі жалғастырған болатын. Алайда қоржынға бірде-бір медаль түспеді. Нұрболат Налтенов (46 кг) пен Хусеин Муцольговтың (76 кг) жолын ресейлік Ариф Мирзаев пен Майырбек Адыгеров кесті. Әліп Аян ( 54 кг) грузиялық Бакури Гоголиге, Аян Біржанов (100 кг) түркиялық Емре Муянға ұтылса, Рахман Шахарбек (63 кг) молдовалық балуанға есе жіберді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера