Алматылық шағын футболшылар «Орал кубогы» турнирінде екінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық шағын футболшылар «Орал кубогы» турнирінде екінші орын алды

Алматылық шағын футболшылар «Орал кубогы» турнирінде екінші орын алды

Екатеринборда 21-25 тамыз күндері шағын футболдан ХХІХ «Орал кубогы» турнирі өтті.

  • 27 Тамыз 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Онда «Қайрат» пен «Тюмень» командалары бірдей 13 ұпай жинағанымен доп айырмашылығымен түмендіктер бірінші, алматылықтар екінші орын алды. Түмендіктермен 4:4 есебімен тең түсіп, қалған ойындарда басым түскен алматылықтар қарсыластар қақпасын 18 рет дәл көздеп, өздеріне 13 доп жіберіп алды. Түмендіктер болса қарсыластарына 20 доп соғып, өз қақпаларына 11 доп жіберген болатын.

Жарыс қорытындысында 3-4 орынды да 7 ұпайдан жинаған жарыс қожайындарының «Синара» мен Норильскінің «Норильский Никель» командалары бөлісті. Ал Новосібірдің «Сибиряк» командасы 3 ұпаймен бесінші орын алса, қоржыны бос қайтқан Жаңа Уренгойдың «Ямал-НУБК» командасы турнир кестесіндегі соңғы орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ алматылықтар «ең үздік қақпашы» аталымында, новосібірліктер «үздік қорғаушы», екатеринборлықтар «үздік шабуылшы», түмендіктер «үздік мерген», «үздік ойыншы», норильсктіктер «ең бағалы ойыншы», жаңа уренгойлықтар «көрермен көзайымы» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера