«Арлан» Қазақстан Кубогын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Арлан» Қазақстан Кубогын жеңіп алды

«Арлан» Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Көкшетау қаласының «Арлан» құрама командасы шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

  • 29 Тамыз 2012
  • 357
Фото - Caravan.kz


Кеше Астанадағы «Қазақстан» мұз айдынында өткен ақтық кездесуде «арландықтар» атыраулық «Бейбарыс» командасымен күш сынасты. Финалға бірде-бір рет жеңілмей жеткен екі құраманың да жеңіске деген құлшынысы күшті болды. Ойынның қорытындысы — 3:3. Бірақ буллитті соғу кезінде «Арлан» хоккейшілерінің бағы жанды. Есеп — 4:3. Осылайша, Көкшетау қаласының хоккей клубы сегіз күнге созылған қызықты да тартысты ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Екінші орында — «Бейбарыс», ал үшінші орынды «Ертіс-Павлодар» құрамасы қанағат тұтты.