«Барыстың» жаңа мұз айдыны Есілдің сол жағалауында салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыстың» жаңа мұз айдыны Есілдің сол жағалауында салынады

«Барыстың» жаңа мұз айдыны Есілдің сол жағалауында салынады

Астаналық «Барыс» хоккей клубының жаңа мұз айдыны Есілдің сол жағалауында салынады. Бұл туралы Континенталды хоккей лигасының баспасөз қызметіне сұхбат берген «Барыстың» бас бапкері Владимир Крикунов мәлім етті.

  • 31 Тамыз 2012
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде құрылысқа қажетті жер телімі бөлінді. Барлық мәселе осы жерге тірелген еді. Басында жаңа мұз айдынын жаңа футбол стадионы, велотрек пен коньки тебу алаңы жанында саламыз деп ойлаған едік. Бірақ тура сол жерде болмай қалды. Жаңа мұз айдыны осы құрылыс нысандарынан алыс емес жерде орналасады. Спорт кешені жақсы болады, Қазақстан басқаша салмайды», — деп атап көрсетті В.Крикунов.

Айта кетейік, өткен жылы «Барыстың» жаттығу алаңын тексерген Континенталды хоккей лигасының өкілдері оны жалпы лига бойынша ең нашар мұз айдыны деп тапқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера