«Vuelta a Espana» көпкүндігінің 12-інші кезеңін астаналық велошабандоз Паоло Тиралого 13-інші боп аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Vuelta a Espana» көпкүндігінің 12-інші кезеңін астаналық велошабандоз Паоло Тиралого 13-інші боп аяқтады

«Vuelta a Espana» көпкүндігінің 12-інші кезеңін астаналық велошабандоз Паоло Тиралого 13-інші боп аяқтады

Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 190,5 шақырымдық 12-інші кезеңінде «Astana Pro Team» велоклубының шабандоздары үздік ондықтың қатарынан көріне алмады.

  • 31 Тамыз 2012
  • 324
Фото - Caravan.kz

Онда мәре сызығын итальяндық Паоло Тиралого — 13, қазақстандық Андрей Кашечкин — 39, бельгиялық Кевин Зельдреерс — 45, қазақстандық Андрей Зейц — 53, швециялық Фредерик Кесякофф — 66, ресейлік Егор Силин -103, қазақстандық Асан Базаев-151, Александр Дьяченко — 177 боп кесіп өтті. Соның нәтижесінде жалпы жіктелімде К.Зельдреерс 24-інші, А. Кашечкин 30-ыншы, А.Зейц — 38-інші, Ф.Кесякофф — 44-інші, П.Тиралого 54-інші, А. Дььяченко 87-інші, Е.Силин 95-інші, А.Базаев 133-інші орында келе жатыр.

Биыл 67-інші рет өтіп жатқан бұл дүбірлі дода 18-інші тамызда Андоррадан басталған болатын. 3281,6 шақырымдық 21 кезеңнен тұратын аталмыш бәсеке 9 қыркүйекте Мадридте мәреге жетеді. Қазір 44:50:35 уақыт көрсеткішімен «Katusha Team» клубының испаниялық велошабандозы Жоакуим Родригуез Оливер (Joaquim Rodriguez Oliver) көш бастап келе жатыр. Одан Кевин 10,22 минут, Андрей 14,44 минутқа артта келе жатыр.