Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы

Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы

Волейболдан Алматыда өтіп жатқан «ҚР Президенті кубогы» ХІХ халықаралық турнирінде 9 ұпаймен таиландтықтар көш бастауда.

  • 3 Қыркүйек 2012
  • 438
Фото - Caravan.kz

Олар Тунис құрамасын 3:0, «Қазақстан-2» құрамасы мен Қытайдың Бейжің қаласының «BAIC Motor» командасын 3:1 етіп ұтып, «Қазақстан-1» құрамасына ғана 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Бірдей ұпай жинағанымен алғашқы ойында оларға 0:3 есебімен ұтылып, Бахрейн мен «Қазақстан-1» құрамаларын 3:1, «Қазақстан-2» құрамасын 3:0 есебімен жеңген тунистіктер екінші орныда тұр. Бұған дейін 6 ұпаймен көш бастап келген Геннадий Паршин жаттықтыратын «Қазақстан-1» ұлттық құрамасы кеше үшінші орынға түсіп қалды. Олар Бахрейн мен Таиланд спортшыларын (3:0) ойсырата жеңгенімен, «BAIC Motor» командасы мен Тунис волейболшыларына 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін енді ақтық кездесуде «Таиланд» пен «Бахрейн», «Тунис» пен «BAIC Motor», Қазақстан-2» мен «Қазақстан-1» өзара кездеседі. Кубог иегері көшбасшылар арасындағы ойында белгілі болады. Ал бұл сында қазақстандықтардың екінші орын алуға мүмкіндігі бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера