Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының жазғы кезеңдік жарысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының жазғы кезеңдік жарысы өтеді

Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының жазғы кезеңдік жарысы өтеді

Алматыда 20-23 қыркүйек аралығында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер мен әйелдер арасында Әлем кубогының жазғы кезеңдік жарысы өтеді.

  • 6 Қыркүйек 2012
  • 419
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті Павел Новиковтың айтуынша, бұл қатысушылары ең көп бәсеке болмақ. Оған қатысуға қазіргі таңда Жапония, Норвегия, Канада, АҚШ, Нидерланды, Ресей, Румыния, Словакия, Словения, Чехия, Польша, Швейцария, Болгария, Германия елдері өз келісімін берді. ҚР Шаңғымен тұғырдан секіру федерациясы енді Финляндия мен Италия елдерінің жауабын күтіп отыр.

«Былтыр бізде Әлем кубогының ерлер арасындағы кезеңі ғана өткен болатын. Биыл тұңғыш рет ерлер арасындағы да, әйелдер арасындағы да кезеңдері де қатар өткелі отыр. Қатысушыларының саны жағынан да Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешеніндегі бұл дүбірлі дода ерекше мәртебелі болғалы тұр. Жеңістен үміткерлердің арасында Олимпиада ойындарының 4 дүркін чемпионы швейцариялық Симон Амман, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде командалық біріншілікте Олимпиада чемпионы атанған германиялық Мартин Шмидт, Әлем кубогының жеңімпазы словениялық Юрий Тепеш бар», — дейді П. Новиков.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера