Виталий Кличко неміс боксшысы Мануэль Чаррды нокаутқа жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виталий Кличко неміс боксшысы Мануэль Чаррды нокаутқа жіберді

Виталий Кличко неміс боксшысы Мануэль Чаррды нокаутқа жіберді

Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко мен сириялық Германия боксшысы Мануэль Чарр қолғап түйістірді.

  • 10 Қыркүйек 2012
  • 305
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесу күрзі жұбырықты екі алыптың жан бепіп, жан алысқан айқасына айналды.

Жекпе-жектің нағыз қызған кезінде, яғни 4 раундта Мануэль Чаррдың қабағы жарылып қалды. Сөйтіп WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулын сақтап қалды.

Виталий Кличко 41-де, ал Мануэль Чарр небәрі 27-де. Кличконың үлкені, яғни Виталий кәсіпқой бокс рингінде 46 жекпе-жек өткізіп, соның 44-інде жеңіске жетіп, тек екеуінде ұтылған. 44 жеңісінің 40-ын нокаутпен аяқтап, тек жара­қатына байланысты екі рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болған. Ал Бейрутта (Ливан) туған сириялық Германия боксшысы кәсіпқой бокс рингінде 21 кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Тіпті 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера