Футбол: Оралдың «Ақжайығы» ел чемпионы «Шахтермен» күш сынасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Оралдың «Ақжайығы» ел чемпионы «Шахтермен» күш сынасады

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» ел чемпионы «Шахтермен» күш сынасады

Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» кезекті турда 15 қыркүйек күні П.Атоян атындағы стадионда ел чемпионы Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.

  • 12 Қыркүйек 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz


«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, аталмыш ойынға өткен турдағы «Ордабасымен» матчта алаңнан қуылған жартылай қорғаушы Тимур Халмұратов қатыспайды. Басқа футболшылар ел құрамасының іріктеу ойындарында өнер көрсетуіне байланысты жарияланған біріншіліктегі үзілісті пайдаланып, барынша дайындалуда. «Ақжайықтың» қақпашысы Антон Цирин Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылса, қорғаушы Бауыржан Омаров жастар қатарында ел намысын қорғады. Бауыржан жастар арасындағы 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сындарында Латвиямен (есеп — 1:1) және Словакиямен (0:6) болған ойында да алаңда тоқсан минут бойы өнер көрсетті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера