ІІІ Азия кубогында қазақстандық қыздар Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерлерін 3:1 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІІ Азия кубогында қазақстандық қыздар Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерлерін 3:1 есебімен ұтты

ІІІ Азия кубогында қазақстандық қыздар Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерлерін 3:1 есебімен ұтты

Бүгін Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирінің топтық кезеңінің ақтық кездесулері өтіп жатыр.

  • 12 Қыркүйек 2012
  • 408
Фото - Caravan.kz

«А» тобында бақ сынап жатқан Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандық қыздар, бұған дейін тайпейліктерді 3:0, корейлерді 3:1 есебімен ұтқан болатын. Енді олар бірдей 6 ұпай жинағанымен, тайпейліктерді де, корейлерді де 3:0 есебімен ұтып турнир кестесінде бірінші орынға шыққан Тайланд құрамасымен күш сынаспақ. Егер олар бұл сайыста да басым түссе 14-інші қыркйүек күні «В» тобында төртінші орын алған, ал жеңілсе үшінші орын алған командамен кездеседі. Қазір «В» тобында 6 ұпаймен қытайлықтар бірінші, 3 ұпаймен жапондықтар мен вьетнамдықтар 2-3 орынды өзара бөліссе, қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ ирандықтар төртінші орында келе жатыр.

Жалпы FIVB рейтингінде 12-сатыда тұрған Тайланд құрамасы 2011 жылғы Азия чемпионатында төртінші орын алған болатын. Олар 1 рет Азия чемпионы (2009), 2 рет қола (20001, 2007) жүлдегер, 1 рет Азия кубогының күміс жүлдегері (2010), 1 рет қола (2008) жүлдегері атанып, биыл Әлемдік Гран-при додасында төртінші орын алған болатын. Ал FIVB рейтингіде 32-ші орынға табан тіреген қазақстандықтар былтырғы Азия чемпионатында 9-шы орынды қанағат тұтқан еді. Олардың еншісінде 2005 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдесі ғана бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера