Әйелдер арасындағы ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирінің топтық кезеңі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер арасындағы ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирінің топтық кезеңі

Әйелдер арасындағы ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирінің топтық кезеңі

Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы ІІІ Азия кубогы мен «ҚР Президенті кубогы» ХІХ Халықаралық турнирінің топтық кезеңі аяқталды.

  • 13 Қыркүйек 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Онда «А» тобында бақ сынаған Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандық қыздар тайпейліктерді 3:0, кореялықтарды 3:1 есебімен ұтқанымен, тайландықтарға 1:3 есебімен ұтылып, өз тобында екінші орын алды. Үш кездесудің қорытындысы бойынша тайландықтар — 9, қазақстанықтар — 6, оңтүсітк кореялықтар -2, тайпейліктер — 1 ұпай жинады. Ертең енді 1/8 финалда «А» тобының жеңімпазы болған тайландтықтар «Б» тобында төртінші орын алған ирандықтармен, ал «Б» тобында үздік шыққан қытайлықтар «А» тобында соңғы орын алған тайпейліктермен кездеседі.

Ал екінші орын алғандар қарсы топта үшінші орын алғандармен, яғни қазақстандықтар жапондықтармен, вьетнамдықтар оңтүстік кореялықтармен сайысқа түседі. Арғы күні ширек финалда жеңгендер 1-4 орынға, ал жеңілгендер 5-8 орынға таласады. Бұл сында Тайланд пен Иран жұбының жеңімпазы Қазақстан мен Жапония кездесуінің, Қытай мен Жапония жұбының жеңімпазы Вьетнам мен Оңтүстік Корея кездесуінде басым түскен командамен кездеспек. Онда үздік шыққандар жексенбі күні ақтық кездесуде Кубок иегерлерін анықтайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера