Ақтөбеде «Синойл» ЖШС бензин тасымалдаушысының цистернасы аударылып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «Синойл» ЖШС бензин тасымалдаушысының цистернасы аударылып кетті

Ақтөбеде «Синойл» ЖШС бензин тасымалдаушысының цистернасы аударылып кетті

Ақтөбеде Ақтөбе-Орск тас жолының (Жилянка кентінің ауданында) 3-ші шақырымында 13 қыркүйек күні сағат 16:50-де «Синойл» ЖШС-нің иелігіндегі бензин тасымалдайтын «HOWO» көлігінің тіркеме-цистернасы аударылды.

  • 14 Қыркүйек 2012
  • 381
Фото - Caravan.kz


ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аударылу салдарынан АИ-80 маркалы бензинінің 6 тоннасы төгілді. Тасымалданып отырған отынның жалпы салмағы — 24 тонна. Қалған 6 тонна басқа бензин тасымалдаушысына құйылды. Мұнай өнімінің төгілген аумағы 100 шаршы метр аумақты құрайды. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-нің 8 адамы мен 2 техникасы шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.