Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ұрының «ерлігі» бұдан да көп болуы мүмкін, қазір ол анықталу үстінде. Ұры пәтерлерге терезе арқылы және есіктің кілтін дөп келтіру жолымен кіріп отырған. 8 тамызға қараған түні ол Алматы көшесі бойындағы үйге кіріп, ноутбук пен алтын бұйымдарды жымқырып кетсе, У.Громова көшесіндегі пәтерден 110 мың теңгені үптеген. Тағы бір пәтерден ноутбук, фотоаппарат, сырға мен 20 мың теңгені қолды қылған.
Күдіктіден 15 ұрлық және тағы бір тонау қылмысы бойынша жауап алынды. ҚР ҚК 175-бабы (ұрлық), 178-бабы (кісі тонау) бойынша айып тағылған оған бес жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.