Хоккей: «Барыс» мәскеулік «ЦСКА» құрамасын тізе бүктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «ЦСКА» құрамасын тізе бүктірді

Хоккей: «Барыс» мәскеулік «ЦСКА» құрамасын тізе бүктірді

Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында мәскеулік «ЦСКА» құрамасымен кездескен «Барыстың» жігіттері өз қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

  • 21 Қыркүйек 2012
  • 472
Фото - Caravan.kz

Ойынның алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңнің басында қарсылас команда Виталий Еремеевті қапы қалдырып, бірінші шайбасын салды. Бірақ он минуттан кейін «Барыс» таразы басын теңестіріп қана қоймай, 2:1 есебімен алға шықты. Ал үшінші кезеңнің соңында Константин Руденко үшінші шайбаның авторы атанды. Ойынның нәтижесі — 3:1. Осылайша, «Барыс» өз қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, биылғы лига барысында сырт алаңда алғаш рет жеңіске жетті. Қазір олардың 8 ұпайы бар.

«Барыс» келесі ойынды ертең, қыркүйектің 22-сі күні Чехияның Прага қаласында жергілікті «Лев» құрамасымен өткізеді.