Қазақстан бокс федерациясының кубогы жарысы өтетін қалалар мен жекпе-жек қарсыластары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бокс федерациясының кубогы жарысы өтетін қалалар мен жекпе-жек қарсыластары анықталды

Қазақстан бокс федерациясының кубогы жарысы өтетін қалалар мен жекпе-жек қарсыластары анықталды

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кездесулері өтетін қалалар мен жекпе-жек қарсыластары анықталды.

  • 21 Қыркүйек 2012
  • 551
Фото - Caravan.kz

Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін жарысқа 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының боксшылары Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс болып, төрт аймақтық дивизионға бөлініп, командалық есеп бойынша сынға түседі. Топ жарған командалар 1/4 финалдық жекпе-жекке жолдама алады.

Бүгін ҚР Бокс федерациясы мен құрама өкілдерінің қатысуымен өткен жеребе тарту рәсімі барысында Солтүстік дивизионында СҚО мен Ақмола облыстарының құрамалары Көкшетауда бір-бірімен қолғап түйістіретін болды. Ал кеншілер қаласында жергілікті Қарағанды облысының боксшылары Қостанай облысының өрендерімен бірге кімнің мықты екендігін анықтайды.

Оңтүстік дивизионындағы Алматы қаласының құрамасы мен Қызылорда облысы боксшыларының кездесуі Алматы қаласында өтеді. Жамбыл облысының боксшылары көршілес жатқан ОҚО-ның құрамасымен Тараз қаласында сынға түседі.

Батыс дивизионындағы матчтар Ақтөбе облысы мен Маңғыстау облысы, Атырау облысы мен БҚО арасында, Шығыс тобында Астана қаласы мен Алматы облысы құрамаларының шеберлік сынасуы өтетін болды. Ал Павлодар боксшылары Өскемен қаласында ШҚО-ның құрамасымен кездеседі.

Жарыс үйлестірушісі Берік Маржықбаевтың жеребе барысында хабарлағанындай, Кубок үшін жарыстар үстіміздегі жылдың 15 қазанында басталады. Жарыс ережелері АИБА белгілеген олимпиадалық жүйенің негізінде жүргізілмек. Финалдық жекпе-жек дәстүр бойынша Астана қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера