Тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Футбол фристайлы атты жобасы елімізде былтырдан бастап іске аса бастады. Сол сәттен осы күнге дейін екі жарыс өткізілді.

  • 21 Қыркүйек 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

2011 жылы тұсаукесер сайыста алматылық Олжас Оқасов алтыннан алқа тақты. Биыл Оңтүстік астана біріншілігінде бәйгені Алматы облысының өкілі Айдар Сейітжанов иеленді.

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, 23 қыркүйекте көптен күткен, тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне 20-дан астам сайыскер алтынға таласпақшы. Бүкіл шеберлігін көрсетуге Астана, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шымкент және басқа қалалардың өкілдері келеді.
Әлемде бұл спорт өнері әлдеқайда алға басқан, үлкен жарыстар өткізіліп жүр. Жуырда ғана Чехияда үшінші әлем чемпионаты болды. Футфристайл жастар арасында өте танымал, көбісі бұны өзінің кәсібіне айналдырған. Алғашқы Ел біріншілігінің мақсаты мен үміті, болашақтағы әлем сайысына қазақтың ұлын аттандыру. Ол арманымыз орындалуына алыс емес, 2013 жылы әлем чемпионаты іріктеу ойындары Астана немесе Алматы қалаларында өткізілуі жоспарда.

Жарыс арнайы футфристайлға арналған доптармен өткізіледі. Оның ішінде, осы Ел біріншілігіне арнайы ДЖИ ЭФ атты доп әкелінген. ДЖИ ЭФ — футфристайлдан әлем чемпионы Джон Фарнвор жасап шығарған добы. Және де жарысқа қатысушылар әйгілі МОНТА-мен өнерін көрсете алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера