Кеше мәскеулік «ЦСКА»-ны жеңгеннен кейін «Барыс» 8 ұпайға ие болып, өз тобында бір сатыға көтерілді. Қазіргі кезде біздің хоккейшілер Құрлықтық хоккей лигасының Чернышев дивизионында бесінші орында тұр. Олардан кейін соңғы алтыншы орында «Авангард» (Омбы облысы) құрамасы келеді.
Ал чехтың «Арыстаны» Бобров дивизионы бойынша көш бастап тұр. Бұған дейін жеті ойынды өткізген «Лев» құрамасы бір-ақ рет жеңіліп, алты ойынды да жеңіспен аяқтады. Оның еншісінде 17 ұпай бар.