Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі хабарлап отыр.
Қазақстан қазыларының басшысы «Тобыл» мен «Тараз» арасындағы ойыннан кейін орын алған даудан соң орнынан кетті. Ал осы матчта төрелік еткен төреші Сергей Пасько өмір бойы төрешілік қызметтен кетті. Және оның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Тобыл-Тараз» арасындағы матчтың қорытындыларын теріске шығару жөніндегі Қазақстан Футбол Федерациясының шешімі УЕФА және ФИФА ережелеріне қарама-қайшы, деп мәлімдеді «Тараз» клубының президенті Талғат Апсаматов.
24 қыркүйекте ел чемпионаты аясында «Тобыл» — «Тараз» матчында қонақтар 0:1 есебімен жеңді. Алайда қостанайлықтар төрешілік етуге байланысты қарсылық білдірді. Олар өздерінің қақпасына доп соққан тараздық футболшы Абдулла Диакатенің пенальтиін әділетсіз деп бағалады. Матчтың соңында төреші Сергей Пасько «ойыннан тысқары» «Тараздың» қақпасына кірген голды есепке алмады.
Төрешілер комитеті төрешіні әділетсіз деп танып, арбитрді ойыннан өмір бойы, ал лайнсменді маусымның аяғына дейін шектеп, аластатты. Кездесудің қорытындылары есепке алынбай, жоққа шығарылды.
«Тараз» ФК Федерацияда өз құқықтарын қорғайтындықтарын айтты.
«Ойындағы 3 көріністі жүз пайыз дұрыс деу қиын. Дегенмен төрешінің бұндай шешім қабылдауына құқысы бар. Сол күні-ақ «қисынсыз» сылтауларды тауып алуға болушы еді, алайда қостанайлықтар ойынның барысында болған 3 әділетсіз жағдайға ғана қарсылық білдірді. Ойын төрешісі бұны да елемеді. Біз ойын иелерінің тарапынан жасалған басқа да көптеген бұзушылықтарды көрсетіп, ауыз толтырып айта аламыз», — деді Т. Апсаматов орын алған жағдайға қатысты пікірінде.
Кездесудің қорытындыларын жоққа шығару жөніндегі шешім тараздық футбол жанкүйерлерінің ашу-ызасын тудырды.
Ұлттық футбол лигасы «Тобыл-Тараз» премьер-лигасының 23-турын өткізу күнін ағымдағы жылдың 24 қазанына белгіледі.