Осы жолғы ойында «Барыстың» бірінші «үштігі»: Константин Руденко — Дмитрий Уппер — Николай Антроповтардың шеберлігі барынша байқалды. Олар таразы басын 2:0-ге дейін жеткізе білді. Қарсылас «Сібір» командасы оған тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Ойынның қорытындысы 2:1.
Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынды «Металлургпен» өткізеді.