WBA Владимир Кличконы сәуірден кешікпей Поветкин-Рахман жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WBA Владимир Кличконы сәуірден кешікпей Поветкин-Рахман жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге міндеттеді

WBA Владимир Кличконы сәуірден кешікпей Поветкин-Рахман жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге міндеттеді

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы WBA /ВБА/ әлемнің «Суперчемпионы» белбеуінің иесі Владимир Кличконы келесі жылдың көктемінде «тұрақты» чемпион, ресейлік Александр Поветкин мен американдық Хасим Рахманның арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге міндеттеді.

  • 28 Қыркүйек 2012
  • 289
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Рахманмен 29 қыркүйекте Гамбургте өтетін кездесудің алдында Поветкиннің промоутері, неміс Вильфрид Зауэрланд мәлім етті.

«Біздің айқасымыздың жеңімпазы наурыз, немесе, ең кеші — сәуір айында Владимир Кличкомен кездесуі керек», — деп хабарлады промоутер. Сондай-ақ украиналық боксшы 10 қараша күні поляк Мариуш Вахқа қарсы шығып, өз мәртебесін қорғауы тиіс.