Қазақстандық боксшы Демьяненко 21-інші жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшы Демьяненко 21-інші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Демьяненко 21-інші жеңісіне қол жеткізді

Бейсенбі күні кешкілік орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізіп, аса тәжірибелі мексикалық Роберто Валенсуэланы тізе бүктірді.

  • 12 Қазан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, қазылардың шешімі бойынша бұған дейін жеңіліп көрмеген жерлесіміз 21-інші рет өзінің мықты екенін дәлелдеді. Бұл туралы «Астана Спорт» спорттық басылымы Fightnews.com. сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Жекпе-жек АҚШ-тың Оклахома штатында «Remington Park Racing Casino»-да өткен болатын.

Демьяненко Валенсуэладан салмағы біршама жеңілдеу болатын. Дегенмен, жерлесіміз бірінші раундта-ақ жекпе-жекті өз ыңғайына айналдырып, ауыр комбинациялар арқылы қарсыласын соққыдан көз аштырмады. Бокс берілген 6 раунд бойы өткенімен, әккі былғары қолғап шебері саналатын Валенсуэла қазақстандық спортшыға қарсы ештеңе өндіре алмады, керісінше ол Виталийдің шабуылынан қорғанумен ғана жүрді. Осыған орай қазылардың бәрі бірауыздан 60 — 54 есебімен жеңісті жерлесімізге берген болатын.

«Мен өзімді тежеусіз сезінемін, және алға жүруге дайынмын» — дейді Виталий өзінің промоутерлерінің «Boxing360» сайтында. Сайттың хабарлауынша, қазақстандық боксшы рингке жақын аралықта тағы көтерілетін болады.