Аталмыш сайыста 18-20 жас аралығында 60 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 3-курс студенті Ернат Құспанов алтыннан алқа тақса, 16-17 жас аралығында 50 келі салмақта бақ сынаған Оралдағы №32 мектептің 11-сынып оқушысы Әльфия Шораева қоланы иеленді.