Хоккей: «Барыс» аутсайдерді жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» аутсайдерді жеңді

Хоккей: «Барыс» аутсайдерді жеңді

Кеше астаналық «Барыс» хоккей клубы Екатеринбор қаласының «Автомобилист» командасын қабылдап, өз қарсыласын 7:2 есебімен ойсырата ұтты.

  • 17 Қараша 2012
  • 366
Фото - Caravan.kz

Негізі, «Автомобилист» бүгінде аутсайдерлердің қатарында. Осымен ол 21-ші рет жеңіліп отыр. Оның еншісінде 16-ақ ұпай бар. «Барыс» болса, соңғы бес жеңіліске қарамастан, аутсайдермен өткізген ойында жеңіске жетті. Ал команданың бапкері Владимир Крикунов өз орнын сақтап қалды. Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға ие болып, жалпы турнирлік кестеде 15-ші орынға көтерілді.

Айта кетейік, қарашаның 18-і күні «Барыстың» жігіттері «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі.