Волейболдан 2015 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын елдер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан 2015 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын елдер белгілі болды

Волейболдан 2015 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын елдер белгілі болды

Болгария мен Италия ресми түрде 2015 жылғы волейболдан Еуропа чемпионатының қабылдаушылары атанды.

  • 19 Қараша 2012
  • 307
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Еуропалық волейбол конфедерациясынан мәлім етті.

Осылайша, Болгария мен Италия белді турнирді өз алаңында қабылдауда Финляндия мен Эстонияны басып озды. Чемпионат Болгарияның София, Пловдив және Варна қалаларында, Италияның — Катания және Мессина қалаларында өтеді. Еуропалық біріншіліктің финалы Софияда өтпек.

Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионаты 2015 жылы Нидерланды мен Белгияда өтеді.