Бұл сыннан Қазақстанға алтын бұйырған жоқ. Бұл жайында бүгін alaman.kz хабарлап отыр.
Алтын алады деген Алмат Кебіспаев (60 кг) күміспен күптелді. Ол финалда кореялық Сенг Жай Вудан жеңіліп қалды. Ал осы салмақтағы Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы Ербол Қоңыратов қоланы қанағат тұтты.
74 келі салмақта Досжан Қартықов финалда орыс Константин Шираевтан жеңілді. Мақсат Ережеков қола алды.
96 келіде Ерлан Искаков та финалға шыққанымен, ресейлік Никита Мельниковтан ұтылып қалды.
Айта кетейік, Астанада Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін 3-ші халықаралық турнир ұйымдастырылған болатын. Аталған бәсекеде әлемнің 10 мемлекетінен келген 135 палуан бақ сынады. Сонымен қатар, бұл шараға Азия күрес федерациясының президенті Ким Чанг Кью арнайы келді.