«Астана арландары» командасының еншісіне алдын ала бір ұпай жазылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.1
  • 583.64
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» командасының еншісіне алдын ала бір ұпай жазылды

«Астана арландары» командасының еншісіне алдын ала бір ұпай жазылды

Бүгін Астанада WSB нұсқасы бойынша «Астана арландары» мен «USA Knoukots» арасында өтетін жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу болды.

  • 22 Қараша 2012
  • 355
Фото - Caravan.kz

23 қараша күні өтетін матчта 50-54 келі салмақта Бағдат Әлімбеков (Қазақстан) Джо Грегори Переспен (АҚШ), 57-61 келіде Самат Бәшенов (Қазақстан) Анвар Юнусовпен (Тәжікстан), 80-85 келіде Хрвоже Сеп (Хорватия) Марко Каличпен (Хорватия), +91келіде Руслан Мырсатаев (Қазақстан) Иштван Бернатпен (Венгрия) қолғап түйістіреді. Ал 68-73 келіде Мирас Байырханов (Қазақстан) пен Кларенси Джозеф (АҚШ) арасындағы кездесу алдын ала жерлесіміздің пайдасына шешілді. Себебі американдық боксшының салмағы бүгін өлшену барысында белгіленген шамадан 1 келіге асып кеткендігін көрсетті. Осылайша, «Астана арландары» командасының еншісіне 1 ұпай жазылды.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда да өздерінің алғашқы кездесулерін өткізіп үлгерді. Қазақстандық «Астана арландары» клубы алғашқы кездесуінде «Украин атамандарын» 3:2 есебімен ұтса, америкалықтар өз алаңында Ұлыбританияға 1:4 есебімен жол берген еді. Келесі кездесуді «Астана арландары» 8 желтоқсан күні Алматыда Англияның «British Leonhearts» командасына қарсы өткізеді.