«Астана Арланс» «Американдық нокаутшыларды» талқандады - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Арланс» «Американдық нокаутшыларды» талқандады

«Астана Арланс» «Американдық нокаутшыларды» талқандады

Қазақстанның "Астана Арланс" командасы Әлемдік бокс сериясы аясында (WBS) американдық USA Knockouts командасын талқандады, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 24 Қараша 2012
  • 459
Фото - Caravan.kz

Матчтың бірінші кездесуінде рингке 54 келі салмақ дәрежесіне дейінгі боксшылар шықты: Қазақстан командасынан — Бағдат Әлімбеков, «Американдық нокаутшылардан» — Джой Грегори Переза. Жекпе-жек үшінші раундта американдық боксшының қабағы жарылып, жарасынан қан сауғалай бастағаннан кейін тоқтатылды. Нәтижесінде, мерзімінен бұрын жеңіске ұпай сандары бойынша Әлімбеков қол жеткізді.

Екінші жекпе-жекте 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Самат Бәшенов өзбекстандық Анвар Юнусовты сабалап, «Астана Арланс» командасына мерзімінен бұрын жеңіс алып берді. «Арландардың» капитаны 5 раундтық жекпе-жекте өзінің қарсыласын 3:0 есебімен басып озды.

85 келіге дейінгі салмақта боз кілемге Хорватияның өкілі Сеп Хрвойе («Астана Арланс») және Марко Калич («Американдық нокаутшылар») шықты. Бұл жерде де «арландар» жеңіске жетті, есеп — 3:0.

Қорытынды жекпе-жекте жұдырықтасқан ауыр салмақ (+91 келі) дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев венгриялық Иштван Бернатты 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Жекпе-жектер 23 қараша күні Астана қаласында өтті.