«Қайрат» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Антальяда өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Антальяда өткізеді

«Қайрат» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Антальяда өткізеді

Премьер-лигада өнер көрсететін Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубы жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 9-22 желтоқсан күндері Түркияның Анталья қаласында өткізеді.

  • 26 Қараша 2012
  • 438
Фото - Caravan.kz

Алматылық аяқдопшылардың жаңадан тағайындалған бас бапкері Владимир Вайсстың айтуынша, бапкерлер кеңесінің алдында тұрған қазіргі басты мақсат ойыншыларға сапалы іріктеу жүргізу болып отыр. Онда алғашқы кезекте келісімшарты бар футболшылар қаралады. Тек содан кейін жаңа ойыншыларды тарту мәселесіне назар аударылмақ. Ал екінші жиын қаңтарда өтетін болады. Онда 2-3 бақылау матчын өткізу жоспарлануда.

Жалпы, алдыңғы маусымдарда сүреңсіз ойын көрсетіп Бірінші лигаға түсіп қалған алматылық «Қайрат» Премьер-лигаға биыл қайта оралған болатын. Бір жылдың ішінде 2 бапкер ауыстырып, 14 команданың арасында 10-шы орынға табан тіреген олар, Премьер-лигадағы орнын әупірімдеп жүріп әрең сақтап қалған болатын.