Астаналық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының І турында көш бастап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының І турында көш бастап келеді

Астаналық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының І турында көш бастап келеді

Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының І турының үшінші ойындары өтуде.

  • 27 Қараша 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 2 ойынның қорытындысы бойынша турнир кестесін 4 ұпаймен «Астана» командасы бастап келеді. Олардан бір ойыны кем қарағандылықтарда («Қарағанды») — 3, талдықорғандықтарда («Жетісу») — 2 ұпай бар. Ал екі кездесуде 2 ұпай жинаған алматылықтар мен екі кездесуден 1 ұпай жинаған павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») сәйкесінше 4-ші және 5-ші орындарда тұр. Бүгін енді «Ертіс-Қазхром» мен «Жетісу», «Қарағанды» мен «Алматы» волейболшылары өзара күш сынасады.

29 қараша күні аяқталатын бұл додада талдықорғандықтар одан кейін «Қарағанды» мен «Алматы», ал астаналықтар Павлодар мен Қарағандыдан келген құрдастарымен күш сынасады.