Қазақстанда бокстан ел чемпиондарының есімдері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бокстан ел чемпиондарының есімдері белгілі болды

Қазақстанда бокстан ел чемпиондарының есімдері белгілі болды

Астанада бокстан Қазақстанның ересектер арасындағы біріншілігі аяқталды.

  • 30 Қараша 2012
  • 765
Фото - Caravan.kz

Елордадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өткен чемпионатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан 179 боксшы қатысқан болатын. Бүгін ақтық сында ел чемпиондарының есімдері анықталды. Осылайша, 46-49 келі салмақта: Біржан Жақыпов (ОҚО) — алтын, Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — күміс, Азамат Исақұлов (Жамбыл) пен Ақниет Бекжанов (Ақтөбе) қола жүлдеге ие болды. 52 келі салмақта: Ілияс Сүлейменов (Астана) — алтын, Азат Махметов (Астана) — күміс, Нүрғазы Жүсіпов (ОҚО) пен Айдын Елжанов (Астана) қола медальдарға қол жеткізді. 56 келіде: Қайрат Ералиев (ОҚО) — алтын жүлдемен, Рустам Рустамов (Алматы) — күміс медальмен, Мұхит Амантаев (Маңғыстау) пен Қанат Көптілеуов (Маңғыстау) қоламен апталды. 60 келі салмақта: Берік Әбдірахманов (Маңғыстау) — бірінші орынға, Ғани Жайлауов (Жамбыл) — екінші, Николай Шваб (Қостанай) пен Бекман Сойлыбаев (ЦСКА) үшінші орынға қол жеткізді. 64 келіде: Мерей Ақшалов (Астана) — алтын жүлдегер атанса, Айдар Әмірзақов (ШҚО) — екінші орын, Жәнібек Әжібай (Маңғыстау) мен Сәбит Төлепбергенов (ОҚО) үшінші орын алды. 69 келі: Данияр Елеусінов (Астана) — алтын, Бақытжан Қожабеков (Астана) — күміс алды. Қола жүлдегерлер: Мейірім Нұрсұлтанов (Астана), Манат Өмірзақов (ШҚО). 75 келіде: Жәнібек Әлімханұлы (Алматы облысы) — бірінші орын, Ерік Әлжанов (Маңғыстау) — екінші орын, Рүстем Сыбаев (Қызылорда) пен Нұрдәулет Жарманов (Ақмола) — үшінші орындарды жеңіп алды. 81 келіде Алмат Серімов (Қарағанды) чемпион атанды. Ал Асқар Абдуллаев (ОҚО) — күміс жүлдегер болды. Қола жүлдегерлер: Арман Рысбек (Алматы), Әліби Нұрматов (Алматы облысы). 91 келі салмақта Антон Пинчук (Қостанай) бірінші орын алды. Әрбек Әбдуғаниев (Алматы обл) — күміс медальді иеленсе, қола жүлдегерлер болып, Алексей Севостьянов (Қарағанды) пен Мәди Хабиев (Ақмола) атанды. +91 келі Жан Кособуцкий (Ақмола) алдына жан салмаса, павлодарлық Олжас Букаев күміс медальдің иесі, Нұржан Бекзатов (Алматы) пен Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда) қоланы місе тұтты.

Біріншіліктің ең үздік спортшысы — шымкенттік боксшы Біржан Жақыпов атанды. Ал төрешілер арасында Наталья Цойдың жұмысы мінсіз деп танылды. Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, келесі жылдың қаңтар айынан кейін еліміздің ұлттық құрамасы қатысатын халықаралық жарыстардың тізімі жасалады. Ал әзірге құрама боксшылары демалады.