Тайландта жағажай волейболынан ІІ Азиялық университет өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайландта жағажай волейболынан ІІ Азиялық университет өтті

Тайландта жағажай волейболынан ІІ Азиялық университет өтті

Жағажай волейболынан 27-30 қараша күндері Тайландтың Ча-Ам қаласында Азиялық студенттер спорты федерациясы аясында ІІ Азиялық университет өтті.

  • 3 Желтоқсан 2012
  • 290
Фото - Caravan.kz

17 елдің спортшылары қатысқан бұл байрақты бәсекеде ерлер арасында да, әйелдер арасында да жарыс қожайыдарының мерейі үстем болды. Олар алтын және қола жүлдені де өздерінде алып қалды. Ал күміс медальді әйелдер арасында жапондықтар, ерлер арасында омандықтар иеленді. Енді келесі ІІІ Университет ойындары Қытайдың Жиаонан (Jiaonan) қаласында өтпек.

Тайландтағы бұл дүбірлі дода кезінде, яғни 28-29 қараша күндері Азиялық студенттер спорт федерациясының жетінші Бас ассамблеясы да өтті. Ол биыл аталмыш федерацясының құрылғанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.